2023-2024 оқу жылының 15 қарашасында сәулет және құрылыс кафедрасының аға оқытушысы, жерге орналастыру ғылымдарының магистрі Ихсанова С.А. «Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру» тақырыбында профессорлық-оқытушылар құрамы арасында әдістемелік семинар өткізді.

Семинар барысында Сауле Айтжановна 6В07303 – “Жерге орналастыру және кадастр” білім беру бағдарламасы бойынша «Жерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінен практикалық сабақ өткізу кезінде қолданылған интербелсенді әдістердің: жеке тапсырма, топтық жұмыс, сөзжұмбақ, жаттығу түрлерінің орындалу барысы туралы баяндады. Сондай-ақ пассивті, белсенді және интербелсенді сияқты кері байланыс кезінде оқытушы мен студенттердің өзара әрекеттесу формалары атап өтілді.

Семинарға қатысушы ПОҚ өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып және нақты жауаптар алып, талқылауға белсенді қатысты. Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz