Жақында Орал қаласының әкімі Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті, жақында Астана қаласында еркін күрестен өткен ел чемпионатының жеңімпазы Нұржан Исағалиевті қабылдады. Қала басшысы жеңімпазды құттықтап, байрақты бәсекелерде жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Нұржан Исағалиев – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті, Республикалық Универсиаданың жеңімпазы, еркін күрестен еліміздің құрама командасының мүшесі. Жас спортшы бұдан бұрын да республикалық деңгейдегі жарыстардың талай мәрте жүлдегері атанып жүр.

2024 жылдың 4-6 ақпан күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген еркін күрестен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында 86 кг салмақ дәрежесінде жүлделі I орынға ие болды.

Университет ұжымы Нұржан Исағалиевті жеңісімен құттықтап, ел мерейін асқақтату жолында табыстарға жете беруін тілейді!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz