2024 жылғы 7 ақпанда Ақтөбе қаласында «Оқыту және халықаралық білім беру орталығы» ЖШС ұйымдастырған «Цифрлық және білім беру технологияларының үздіксіз білім берудің стратегиялық бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы, мәдениеттану магистрі Ж.Б.Курманова «Непрерывное образование в Казахстане как ответ на вызовы в меняющемся мире», Разахова Ф.Ж. «Заманауи қоғамдағы үздіксіз білім беру инновациялары» офлайн форматта баяндамалар жасады.
Конференцияның мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және инновациялық педагогикалық шешімдерді енгізу саласында тәжірибе алмасу.
Конференцияда инклюзивті білім беру, білім беруді цифрлық түрлендірудің өзекті мәселелері, білім беру деңгейлері мен қосымша білім беру арасындағы сабақтастық және білім беру тәжірибесіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізу мәселелері қаралды.