Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының оқытушылары, п.ғ.к. Ж.С. Кажиакпарова, Phd доктор А.Б.Арыстанова, аға оқытушы А.Ж.Нариманова 6В01501– Информатика білім беру бағдарламасы бойынша дуалды оқыту жүйесін жүзеге асыру ынтымақтастығын дамыту мақсатында 2024 жылдың 15 ақпан күні Орал қаласындағы №45 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздарына «Мектеп педагогтарының ІТ –сауаттылығы» атты әдістемелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – оқу-тәрбие үрдісінде сандық ресурстар мен бағдарламалық құралдарды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу. Аталған әдістемелік-семинар АКТны замануи мұғалімнің жұмыс тәжірбиесіне енгізу мен педагогикалық білім беру әдістерін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және оқытудың шығармашылық тәсіліне үлкен мүмкіндіктер ашты.

Семинарға мектептің пән мұғалімдері қатысып, замануи сабақта қолдануға арналған LearningApps.org онлайн – сервистің қадамдық нұсқаулығымен, интерактивті және тартымды электронды басылымдарды құрудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын Flip PDF Professional бағдарламасымен таныстырылды. Семинар барысында АКТ-ны оқу үрдісінде қолданудағы негізгі проблемалар мен қиындықтар анықталды. Қатысушылар өздерінің педагогикалық қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану үшін құнды мәліметтер алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz