Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ««Білім берудегі цифрлық технологиялар – кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» сапа апталығы аясында «Баскетбол: дене шынықтыру сабағындағы тиімді әдістер» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Шеберлік сабағын «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Жұмарстанов Қуаныш Өмірбекұлы жүргізді.
Шеберлік сабағының мақсаттары: Баскетболды үйретудің заманауи әдістемелері туралы білімін арттыру; Допты меңгеру, беру және лақтыру техникасын жетілдіру; Командалық өзара әрекет пен тактикалық ойлауды дамыту; Баскетболға қызығушылық пен мотивация қалыптастыру
Практика барысында баскетболдың тиімді әдістерін қолданып оқу үдерісінің сапасын арттырып, студенттердің танымдық және қозғалыс белсенділігін жақсартты. Көрнекілік, ойын және саралап оқыту тәсілдерін біріктіре қолдану арқылы әр студенттік жеке қабілеті ескеріліп, сабақтың нәтижелілігі қамтамасыз етілді.
Баскетбол элементтерін меңгеру барысында студенттердің дене дайындығы, қозғалыс үйлесімділігі, жылдамдық пен ептілік дағдылары қалыптасты. Сонымен қатар, бұл ойын топтық өзара әрекеттесу, тәртіп, жауапкершілік және көшбасшылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етті.
Осылайша, баскетбол сабағындағы тиімді әдістерді жүйелі түрде пайдалану — дене шынықтыру пәнінің оқу-тәрбие мақсаттарын жүзеге асырудың, салауатты өмір салтын қалыптастырудың және спорт мәдениетін дамытудың маңызды құралы болып табылады.

