БҚО ПД мен БҚИТУ арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында 8 ақпанда 6В04203 Көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу және 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламалары бойынша салалық технологиялар институтының білім алушылары үшін БҚО ПД жедел басқару орталығында тәжірибеге бағдарланған сабақ ұйымдастырылды.
Орал қаласы полиция басқармасының аға инспекторы-кезекші полиция майоры Кайрат Табигатович Ажгалиев білім алушыларға «Орал қаласы аумағында қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бейне-жүйелердің ғылыми-техникалық құралдарын қолдану» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақта К.Т. Ажгалиев қоғамдық орындарда, оқу орындарында және қала көшелерінде құқықтық тәртіпті бақылау бойынша тәулік бойы ЖБО-да жұмыс істейтін полиция нарядтарының алдында тұрған міндеттер туралы айтып берді. Сонымен қатар, видео-жүйе жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен көмек көрсетеді, жол қозғалысы қағидаларын бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін анықтауда полиция қызметкерлеріне бейне-материалдарды кейіннен құжаттарға қосуға ықпал етеді.
Мұндай бақылауды нақты уақыт режимінде бүгінде жоғары тиімділікте ПД ЖБО-да 400-ге жуық бейнекамералар жүзеге асырады. Көше қылмыстары ашық тонау, тонау, жол-көлік оқиғалары және басқа да құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда ЖБО операторлары мұны бейне-бақылау камералары арқылы тауып, қылмыскерлерді ұстау жөніндегі полиция нарядтарын дереу бағыттайды, егер құқық бұзушыларр оқиға орнынан қашып кетсе, олардың белгілерін, қозғалу құралдарымен іздеу бағыттарын береді. Білім алушыларға бейне-бақылау камераларының жоғары техникалық мүмкіндігі, қалада қозғалатын автомашиналардың мемлекеттік нөмірлерін оқу көрнекті түрде көрсетілді.
Полиция жұмысында заманауи ғылыми-техникалық құралдарды қолдану көшедегі қылмыстардың жедел ашылуын едәуір арттырды және облыс орталығының аумағында ЖКО алдын алуға айтарлықтай көмектеседі.
Полиция майоры К.Т. Ажгалиев сабақ соңында білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.