2022 жылдың 8 сәуірінде БҚИТУ Инженерлік-гуманитарлық факультетінің «Эрудит» үйірмесінің «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері ЖШС «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілері компаниясының» кәсіпорнының 110/35/10 кВ «Омега» қосалқы станциясына экскурсияға барды. Экскурсияның мақсаты – студенттерді негізгі технологиялық процестермен және жұмыстағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Іс-шараны ұйымдастырушы экология және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі, «Эрудит» үйірмесінің жетекшісі Курмашева Г.Р.
Қосалқы станция басшысы Чесноков В.Е. және қауіпсіздік техникасы бойынша инженер Бердалиева М.Б. кәсіпорынның тарихы және қосалқы стансаның жұмысы туралы айтып берді. Студенттерге қосалқы стансаларда жүргізілетін жұмыстарда еңбек қауіпсіздігі талаптарының күшейтілгені айтылды. Студенттер қауіпсіздік шараларына жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқыту және нұсқау беру, өндірістік жабдықтарды қорғаныс құралдарымен жабдықтау, қызметкерлерді зиянды және қауіпті факторлардың әсерінен ұжымдық және жеке қорғау құралдарын әзірлеу сияқты іс-шараларды қамтитынын білді.