2022 жылдың 31 – наурызында БҚИТУ Инженерлік-гуманитарлық факультетінің 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 1 – курс студенттері ҚР ТЖМ БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, Өрт-техникалық орталығына (Орал қаласы) барып, жұмысымен танысты.

Экскурсия мақсаты – студенттерді мекемемен таныстырып, өз мамандығы бойынша түсініктерін, қызығушылықтарын арттыру. Экскурсияны БҚИТУ «Экология және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы Р.Н. Толеуова ұйымдастырды. Аталған орталықтың аға экскурсоводы Гуркина Наталья Федоровна және караул басшысылары Қанапиев Дәурен Қуанышұлы мен Масликов Алексей Николаевич авариялы-құтқару құрал-жабдықтары бойынша өздері күнделікті атқаратын жұмыстары жөнінде студенттерге толық түсіндіре отырып, бұл сала қызметінің жауапты екенін және теориялық білімді практикалық жұмыстармен толықтырғанда ғана сапалы білімге қол жеткізуге болатынын айтты. Мекемеде атқарылатын жұмыстарды көрген, болашақ мамандардың оқып жатқан мамандығына деген құрметі арта түсті. Осы экскурсияны өткізуге қол ұшын созған ҚР ТЖМ БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, өрт-техникалық орталығы басшылығына алғысымызды білдіреміз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz