2022 жылдың 06 сәуір күні БҚИТУ акт залында ОП 6В04202 “Құқықтану” 2 және 3 курс студенттерінің БҚО бойынша сот сараптамасы институты директорымен тақырып аясында дөңгелек үстел өтті. Кездесуді профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қадырғалиев Нұрболат Меңдіғалиұлы сөз сөйлеп ашты.

БҚО бойынша сот сараптамасы институты директоры Ходжамуратов Галымжан Октябрьович және гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Ергалалиевич Бисембаев баяндама жасады. 2 және 3 курс студенттері Бекболатова Айдана, Мергали Ділара, Егинбаева Амина белсенді қатысты.

Кездесуге қатысушылар сот сараптамасы туралы заңнаманы жаңғырту жолдарын, сот сараптамасындағы этикалық нормаларды, ҚР Әділет министрлігінің мемлекеттік сот сарапшыларының этика кодексін талқылады. Мамандандыруды таңдау мәселелеріне, отандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, сарапшы кадрларды даярлау жүйесіне қойылатын талаптарға көп назар аударылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz