11 қазанда “Ветеринария” ББ Вет-21 және Вет-22 топтарының білім алушыларына Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясында тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – студенттерді ветеринария саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі принциптері мен әдістерімен таныстыру. Студенттер медициналық-техникалық және ветеринарлық құралдар мен жабдықтарды зертханалық, диагностикалық және емдік мақсатта дұрыс пайдалануды үйренді, бұл болашақ ветеринарлық мамандардың практикалық қызметінде өте маңызды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz