Жұмыс берушілер мен университет білім алушылары арасындағы өзара іс-қимылдың мақсаты – болашақ мамандарға жинақталған тәжірибелік білімді жеткізу, оларды өндірістік ортада жұмыс істеуге даярлау, кәсіби дамудың бағытын айқындау және мансап құрудың мүмкін жолдарын көрсету.

Осы мақсатта «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін «Жайық-Астық» ЖШС зертхана меңгерушісі Жумагулова Гулназ Жанатқалиевна шақырылды.

«Тағам өнеркәсібі кәсіпорындарында сапаны бақылау» тақырыбындағы дәріс аясында білім алушылар көптеген танымдық әрі өзекті ақпарат алды.

Дәріс барысында тағам кәсіпорындарында сапаны бақылауды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ тағам қауіпсіздігі зертханалары қызметінде халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жан-жақты қарастырылды. Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттау жүйесі мен талаптарға ерекше назар аударылды

Студенттер зертханалық бақылаудың заманауи әдістерімен, өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларымен және тағам өнімдерін өндіру барысында туындайтын тәуекелдердің алдын алуда нормативтік құжаттаманың рөлімен танысты.

Өзінің білімін және көпжылдық тәжірибесін бөлісе отырып, өндіріс саласының маманы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс өкілімен тікелей қарым-қатынас жасау студенттерге өнім сапасы саласындағы өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алуға мүмкіндік береді.

Г.Ж. Жумагуловаға мазмұнды әрі қызықты дәрісі үшін алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да ынтымақтастық жалғасады деп сенім білдіреміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz