2026 жылғы 10 ақпанда ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының бастамасымен 6В09103 «Ветеринария» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін «Ветеринариялық фармакология және токсикология» пәні бойынша қонақ дәрісі ұйымдастырылды. Қонақ дәріскер ретінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Ветеринария және агротехнологиялар институтының өкілі, доцент, ф.ғ.к., PhD Габдуллин Досмұқан Ермұқанұлы сөз сөйледі.

Дәріс барысында жануарлардың аса қауіпті аурулары кезінде дәрілік препараттарды ұтымды және қауіпсіз қолдану мәселелері, улы заттардың әсерін анықтау ерекшеліктері мен олардың алдын алу шаралары, сондай-ақ эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі диагностикалық зерттеулердің маңызы қарастырылды. Аталған бағыттардың жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алудағы және халық денсаулығын қорғаудағы рөлі атап өтілді.

Өз сөзінде шақырылған маман кәсіби қызметінен практикалық мысалдар келтіріп, ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді қозғады және болашақ мамандарға ұсыныстар беріп, практикалық тәжірибесімен бөлісті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz