10.02.2026 ж. БҚИТУ Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының білім алушылары арасында «Балықтардың инвазиялық ауруларын заманауи әдістер арқылы анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға 6В09103 Ветеринария ББ білім алушылары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар балықтардың инвазиялық ауруларын заманауи әдістер арқылы анықтау – балық денсаулығын сақтаудың маңызды бағытын және де қазіргі таңда микроскопиялық талдау, молекулалық диагностика және экспресс-тесттер паразиттік ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік берудің жағдайын талқылады. Студенттерге бұл әдістерді аурудың алдын алып, балық шаруашылығының өнімділігін арттыру жағдайын талқылады.

Студенттер баяндамалар мен таныстырылымдар жасады, сондай-ақ БҚО  балықтарындағы инвазиялық ауруларды қазіргі диагностикалық әдістермен анықтау – тиімді алдын алу мен қауіпсіз шаруашылықтың негізі маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.

Инновациялық зерттеу әдістері балықтардың паразиттік ауруларын дәл және жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістер ауру қоздырғыштарын ерте кезеңде анықтауға, олардың таралуын болдырмауға және балықтардың өлім-жітімін азайтуға мүмкіндік береді. Заманауи диагностика балық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шаруашылықтың тиімділігін арттырады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz