2026 жылғы 10 ақпанда ЗКИТУ Салалық технологиялар институтының барлық құрылымдық бөлімшелерінде 2025 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы бастамашы болған Қазақстан Республикасының жаңа Негізгі заңының жобасы талқыланды.
Кездесудің модераторы ретінде ООД кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қадырғалиев Н.М. сөз сөйлеп, конституциялық реформаның ауқымы мен маңыздылығын атап өтті.
Талқылау барысында жобаны әзірлеу жұмыстарының құрамына құқықтанушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері кіретін 130 сарапшы енген Конституциялық комиссия тарапынан жүргізілгені айтылды. Жоба мазмұндық тұрғыда жаңа құжат болып табылады: қолданыстағы Конституцияның 77 бабы (мәтіннің 84%-ы) өзгеріске ұшыраған, бұл мемлекеттің құқықтық негізін толық жаңартуды білдіреді.
Талқылау барысында қатысушылар жаңа жобаның келесі негізгі басым бағыттарына ерекше назар аударды:
- Адам капиталы және ғылым: Конституцияда алғаш рет білім, ғылым, мәдениет және инновациялар басты идея ретінде жарияланды. Бұл мемлекеттің табиғи ресурстарға сүйенуден азаматтардың әлеуетін дамытуға стратегиялық бетбұрыс жасағанын көрсетеді.
- Зайырлы құндылықтар және адам құқықтары: Құжатта білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің зайырлы сипаты нақты айқындалған. Адамның құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада алғаш рет ең жоғары басымдық ретінде жарияланды.
- Саяси трансформация: Жоба 145 депутаттан тұратын бірпалаталы ықпалды Парламент — Құрылтайы бар президенттік республикаға көшуді бекітеді. Мұндай жүйе билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтып, Үкіметтің есептілігін арттыруға бағытталған.
- Цифрландыру: Мәтінде алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты нормалар бекітілген, бұл қазіргі заманғы технологиялық сын-қатерлерге жауап болып табылады.
Талқылауды қорытындылай келе, профессор Қадырғалиев Н.М. ұсынылған жоба озық әлемдік тәжірибелерді қамтып, халықтың бірлігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда азаматтар тарапынан қабылданады.

