Қазақстан урбанистер қауымдастығы біздің университеттің кітапханасына жинақ ұсынды:”Қазақстан Республикасы аумақтарын кешенді дамыту стандарты” қала құрылысы және сәулеттік жобалау саласындағы нормативтік құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сондай-ақ урбанистиканы білімнің замануи қолданбалы саласы ретінде дамыту мақсатында басып шығарылған.

Бұл кітап еліміздің қалаларын өркениетті елдердің қалаларының деңгейіне жеткізуге, сондай-ақ құрылыс салынған аумақтарды дамытуға және жаңа аумақтарды игеруге арналған әдістемелік нұсқаулық болып табылады.

Тұжырымдалған ұсынымдар Қазақстан қалаларының келбетін қалыптастыруға және қоғамдық кеңістіктерді барынша тиімді пайдалану арқылы тарихи ғимараттарды сақтап қалуға бағытталған.

Инженерлік-гуманитарлық факультеттің “Сәулет” және “Құрылыс” білім беру бағдарламалары бойынша студенттері мен оқытушылары қажетті, пайдалы ақпарат көздері ретінде стандарттармен танысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz