2023 ж. 18 мамырда БҚИТУ ИГФ «Сәулет және құрылыс» кафедрасында Теңізшевройл компаниясының геоақпараттық жүйесінің маманы Руслан Маратович Давлетбаевтың қатысуымен қонақ дәрісі өтті. Дәріс алдында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нариков Канат Амангелдиевич алғы сөз сөйледі. Қонақ дәрісіне «Сәулет және құрылыс» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ 6В07301-«Сәулет», 6В07302-«Құрылыс», 6В07303-«Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 2,3 курс студенттері қатысты.
Дәріскер, Теңізшевройл компаниясының геоақпараттық жүйесінің маманы Руслан Давлетбаев қала құрылысы, жерге орналастыру және кадастрлық салалардағы геоақпараттық жүйелердің мақсаты туралы айтып, «Жер кадастрындағы геоақпараттық жүйелер» тақырыбында дәріс өткізді. Геоақпараттық жүйелер ақпараттық және автоматтандырылған жүйелермен, цифрлық карталармен, ГАЖ-қабықшалармен, мәліметтер базасымен және т.б. байланыста болады. Сондай-ақ студенттер үшін шақырылған дәріскер ArcGIS, 2ГИС, МЖК ААЖ бағдарламалары туралы ақпарат берді, олар қазіргі уақытта тек кәсіби ғана емес, күнделікті-тұрмыстық салада да өзекті болып табылады.
Қонақ дәрісі жоғары деңгейде өтті. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қонақ дәрісінің тақырыбымен терең және ашық танысты, дәріскерге профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерді қызықтыратын сұрақтар қойылды.
Дәріс соңында кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер шақырылған лекторға қызығушылық танытқан дәрісті өткізуге уақыт бөлгені үшін алғыс айтып, кәсіби қызметінде үлкен табыс тіледі!

