«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы секілді 7 негізгі бағыттан тұрады. Аталған бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Осы бағдарламаны жүзеге асыруда волонтерлік бағыты бойынша белсенділік танытқан «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Қанаева Балнұр Қуанышқызы «Күміс медаль» иегері атанды.
18 мамыр күні «Жастар – болашақ бастауы» атты шарасы өткізіліп, филология ғылымдарының докторы, профессор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы Балнұр Қуанышқызының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, университет тарапынан медальді салтанатты түрде табыс етті.