2022 жылдың 11 наурызында Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстандағы қаңтар оқиғасына байланысты үндеуін талқылау бойынша «Жаңа Қазақстанның – жаңа келбеті» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы М.Қамбетов, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Т.Т.Шайхиев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Т. Ерназаров, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.М.Балыкова, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы М.Қамбетов Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелер мен қастерлі құндылығымыз, азаматтықтың айғағы – тәуелсіздігімізді сақтау, оны баянды ету үшін жасалатын игі істер туралы баяндады. Отырысы барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Т. Ерназаров «Жаңа дәуірдегі Қазақстанның экономикалық қуаты» атты баяндама жасап, әлемдік нарықтың жаңа ахуалына дайын болу керектігін, әртараптандырылған және техно¬ло¬гияға негізделген экономика құрудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Ж.Т. Ерназаров: «экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып, ұлт-тық табыстың өсімінен түсетін игілік¬терді әділ бөлу, тиімді әлеуметтік сатыларды орнықтыру жөніндегі қоғамның өт¬кір талабы міндетті түрде орындалуы тиіс». – деді.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.М.Балыкова «Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» атты өз баяндамасында елімізді аумақтық және кеңістік тұрғысынан дамыту тәсілдеріне күрделі өзгерістер енгізу мәселелерін, өңірлерде урбанизация үдерісін басқаруға, «миграция толқынын» кезең-кезеңмен жүргізуге, ірі қалалардағы халықтың ты¬ғыз орналасуы мен әлеуметтік шиеленіс мәселелерін шешу мүмкіндіктерін баяндады.