2022 жылғы 11 наурызда Орал қаласында облыс әкімі Г.Н. Есқалиев және әкімнің бірінші орынбасары А.К.Утегуловтың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен, өңірдің шаруа қожалықтарының басшыларымен, ғалым-аграршылармен облыстық кеңес өтті.

Кеңесте БҚО АӨК-нің жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Кеңеске қатысушылар мен қонақтар үшін «Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағыттары» атты көрме ұйымдастырылды.

Облыстық кеңес жұмысына БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің экология және биотехнология кафедрасының ғалымдары белсене қатысты. Олар ветеринария және ауыл шаруашылығы саласындағы кафедра ғалымдары жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулер туралы, өңір фермерлері үшін ауыл шаруашылығы жануарларын өсімін молайту саласында біліктілікті арттыру курстарын өткізу туралы толық ақпаратпен стенд ұсынды. Сондай-ақ, кеңеске қатысушыларға инженерлік-гуманитарлық факультеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілген жарнамалық материал ұсынылды және БҚИТУ-ға оқуға түсу шарттары туралы көптеген сұрақтарға толық жауап берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz