2024 жылғы 24-тамызда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне Еуразиядағы халықаралық білім беру институтының (IIE) өкілдігінің басшысы және Steppe Global Education негізін қалаушы доктор Джоэль М.Эриксон келіп, БҚИТУ ректоры Бекбулат Темержанович Шакешевпен және университет әкімшілігі және профессорлық-оқытушылық құрамының басқа да өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында біздің университетіміз мүшесі болып табылатын Қазақстандық-американдық университеттер консорциумы (KUUC) аясындағы жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Қазақстандық-американдық университеттер консорциумының (KUUC) серіктестік бағдарламасының негізін қалаушылардың бірі ретінде БҚИТУ барлық мүдделі тараптарға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары оқу орындарымен жан-жақты байланыс орнатуда. Кездесу соңында университет ректоры білім ордасы ұжымының атынан доктор Эриксонға мазмұнды және нәтижелі басқосу үшін алғыс білдірді.