2024 жылғы 15 қарашада “Атамекен” Мәдениет үйінде Қарашығанақ кен орнының ашылуының 45 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қонақтар қатарында Қазақстан мен Ресейдің газ өндіру және газ өңдеу салаларының ардагерлері, Karachaganak Petroleum Operating басқарушы компания-операторының басшылығы, КПО-ның ресейлік серіктестері, сондай-ақ “Мұнай – газ ісі”, “Электр энергетикасы”, “Автоматтандыру және басқару”, “Технологиялық машиналар мен жабдықтар”, “Электр энергетикасы”, “Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер” және т. б.

Ардагерлерге арнаған құттықтау сөзінде КПО басшысы Марко Марсили ардагерлердің саланың дамуына қосқан үлесін атап өтіп, адал еңбектері үшін алғысын білдірді.

“Еңбек ардагері” медалімен марапатталғандардың арасында “Мұнай-газ инженериясы” кафедрасының аға оқытушысы Аяпберген Махатович Нұғмановта болды.

Қазіргі уақытта БҚИТУ салалық технологиялар институтының 2500-ден астам түлегі Қарашығанақ кен орнының дамуына елеулі үлес қосты.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz