Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында “Құқық” кафедрасының оқытушылары А.К. Отеуова, Г. А. Айешева, А. Ж. Сәрсенова Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ, Жоғары инженерлік-технологиялық колледж және “АТиСО” Академиялық колледжіне барды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институты дайындайтын мамандықтар туралы мәліметтер ұсынылды және оқыту бағыттары мен кәсіптік бағдар беру орталығының байланыстары туралы толық ақпараты бар үлестірме материалдар мен ақпараттық буклеттер таратылды, оқушылар университеттің әлеуметтік желілерімен танысты.
Өз сөзінде ЮР-43 тобының студенті Бүркітбаев Ұлан университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы аясында студенттеріміздің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы айтып, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы туралы хабардар етті.


