2024 жылғы 19 қарашада университетте «Сапаны қамтамасыз ету: ЖОО қызметін нормативтік реттеу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинардың мақсаты-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің негізгі ережелерін талқылау және нормативтік-құқықтық актілерінің өзгерістерімен танысу.
Семинар кафедра меңгерушілері мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін ұйымдастырылды. Семинар спикерлері Бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы С.А. Машанова мен ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор И.Н.Жубантаев болды.
