12 сәуір – ұлт мақтанышы, қазақ елінің қазына байлығын ашушы, Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті, алғашқы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні және осы датаға орайластырылған ғылым қызметкерлері күні. 12 сәуір күні Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерей тойын жыл көлемінде атап өту рәсімінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Ғұлама-ғалымның мерейтойын атап өтуге арналған Үкіметтің жалпыреспубликалық жоспары аясында биыл республикалық және халықаралық деңгейдегі 50-ден астам іс-шара өтеді. Сонымен қатар, БҚИТУ салалық технологиялар институтының көлік және технологиялар кафедрасының  6В07101 Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 6В11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, 6В07104 Технологиялық машиналар мен жабдықтар білім беру бағдарламасының топ эдвайзерлері Гумаров Д.Ж., Киясова Г.М., Табинбаев А.М. білім алушыларына өткізген тәрбие сағаты.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясының негізіндегі көркем фильмінің Ресми трейлері үлкен экраннан көрсетіліп, білім алушарға бос уақыттарында толық нұсқасын қараулары айтылды.

«Қаныш. Қазына» фильмінің сюжеттік желісі геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделіп түсірілген.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz