Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы және студенттермен кездесті.

Кездесу оқу ордасының ғылыми және білім беру қызметтерінің көрмесіментанысудан басталды.

БҚИТУ-нің ғылыми жұмыс жәнехалықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ізімғали Жұбантаев өңіріміздің білім саласы мен өнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламаларын іске асыруға қолдау көрсетуде университет ғалымдары өз үлестерін қосу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат беріп, көрмемен танысуды ұсынды.

Көрмемен танысу барысында Миржан Мұнайдарұлына техника ғылымдарының кандидаты Нариков Канат Амангельдиевич «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша студенттеріміздің «Орал темір жол вокзалы аумағындағы жаяу жүргіншілеріне арналған көпірді қайта жаңғырту» және коммерцияландыруға дайын, жергілікті шикізат пен өндірістік қалдықтар негізінде керамикалық кірпіш технологиясы және қалалық аумақтарды абаттандыру үшін түрлі-түсті керамикалық толтырғыштар жасау жобаларымен таныстырды.

Келесі кезекте ветеринария ғылымдарының докторы Гаиса Гарапович Абсатиров батыс өңірінде ірі қара малының өсімін молайтудың замануи, перспективалық биотехнологиялық әдістерін қолдана отырып, шаруашылықтарға ғылыми қолдау көрсету түрлері туралы және Орал қаласында импортты алмастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде, университетіміз «Эпсилон» компаниясымен бірлесе паразиттерге қарсы «Дисалар» және «Эстрозоль А» ветеринариялық препараттар өндірісі ашылғаны жөнінде ақпарт берді

Көрмеде қала әкіміне Мұқтар Зинур Гафурұлы университеттің «Педагогика және психология» кафедрасының зерттеу тобы педагогика ғылымдарының докторы Бахишева Светлана Мендыгалиевнаның жетекшілігімен 2022-24 жылдарға арналған Ғылым және жоғары білім Министрлігінің гранты бойынша атқарылып жатырған жұмыстармен таныстырып, аталған жоба бүгінгі күннің өзекті трендтерінің бірі – оқытуды трансформациялауға арналғанын атап өтті.

Миржан Сатқанов көрмеде Алтайтану және түркітану орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, Түркітану бағытында елімізде белгілі ғалым Сабыр Мұрат Бөкенбайұлының ғылыми еңбектірімен танысты.

Университет профессоры Калменов Мурат Дабылович қала әкімін өзінің жетекшілігімен жүргізіліп жатырған археологиялық қазба-сараман жұмыстары кезінде табылған тарихи құнды жәдігірлермен таныстырып, барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізуге рұқсат беретін мемлекеттік лицензия негізінде жүргізіліп жатырғанын және археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде университетімізде археология музейі ашылғанын атап өтті.

Техника ғылымдарының кандидаты Садықова Ләззат Анатольевна қала басшысын қазіргі таңда өзекті, шаруашылықтардың сұранысы бойынша дайындалған «Жайылымдарды тиімді пайдалану, авто, темір жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету  мақсатында электр қоршауын қолдану» таныстырды. Миржан Мұнайдарұлы аталған жобаны республикалық маңызы бар трассалардың қауіпті учаскелерінде қолдануға ұсынуға болатын айтып, бизнес жобасын дайындауға ұсыныс берді

Кездесуде қала әкімі жастарға көкейлерінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын еркін жеткізуді ұсынды.

Шара барысында студенттер кейбір түйткілді мәселелр бойынша өз ойларын ортаға салды. Қоғамдық көлік саласындағы өзекті проблемаларды да алға тартты.

Өз кезегінде қала басшысы оқытушылар мен студент жастар көтерген мәселелер мен ұсыныстарды жан-жақты қарап, тиісті шешім қабылдайтынын жеткізді.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz