Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында Үкіметке “АMANAT” партиясымен бірлесіп “Қарызсыз қоғам” жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Жоба борышкерлердің санын азайтып, халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған.

 Қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында БҚИТУ студенттері мен оқытушылары 2023 жылдың 18-29 қыркүйек аралығында “АMANAT” партиясы ұйымдастырған “Қарызсыз қоғам” атты курсынан өтуде. Курсты қаржы сарапшысы Шарафеддинова Назгүл Шинбаева жүргізеді. Жобаға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқарып, бюджетті дұрыс қалыптастырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылатын кәсіп ашуды үйренеді. Курс қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz