16.03.2026 күні Наурызнама онкүндігі аясында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының ұйымдастыруымен іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – туыстар мен көршілер арасындағы байланысты нығайту, татулық пен сыйластықты насихаттау.

Іс-шараның құрметті қонақтары – БҚИТУ ректоры Бекбулат Темержанович Шакешев және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Абекешев Аянбек Иманбайұлы құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында қатысушылар үлкендерге сәлем беріп, Көрісу күнінің мәні туралы, сондай-ақ қазақтың дәстүрлі тағамы – Наурыз көже жөнінде қысқаша ақпарат тыңдады. Сонымен қатар ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды.

Іс-шара барысында АРХ-22 тобының білім алушысы Дана Горбей күй тартып, қатысқандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Амал мерекесіндегі Көрісу күні – адамдарды жақындастыратын, бірлік пен мейірімділікті дәріптейтін маңызды ұлттық дәстүр.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz