2026 жылғы 13 наурызда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті-нің Салалық технологиялар институтында «Ғылыми зерттеулер мен білім беру тәжірибесіндегі инновациялар: техносфералық қауіпсіздік, құрылыс, көлік және аграрлық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға кафедра меңгерушілері, институттың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, ғылым кандидаттары, сондай-ақ Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті (Уфа қ.) шақырылған мамандары қатысты.

БашММУ өкілдері құттықтау баяндамаларымен сөз сөйледі:

Данис Дамирович Хазиев — білім беру жобалары мен бағдарламаларын дамыту бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент. Баяндама тақырыбы: «БашММУ-дың білім беру және ғылыми қызметінің негізгі бағыттары»;

Ирина Валерьевна Миронова — «Ет, сүт өнімдері технологиясы және химия» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор. Баяндама тақырыбы: «БашММУ-дың ет, сүт өнімдері технологиясы және химия кафедрасының жұмыс тәжірибесі».

Конференция барысында қатысушылар техносфералық қауіпсіздік, құрылыс, көлік және аграрлық технологиялар бағыттары бойынша баяндамалар жасап, білім беру мен ғылыми ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ тәжірибе және үздік практикалармен алмасты.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, кәсіби байланыстарды дамытуға және бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.

ЗКИТУ Салалық технологиялар институтының ұжымы Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті әріптестеріне жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді және алдағы уақытта бірлескен білім беру және ғылыми бастамалардың одан әрі дамуына үміт артады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz