БҚО-ның мәдениет пен тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы үстіміздегі жылдың 4 қыркүйек күні «Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тіл фестивалын ұйымдастырды. Осы фестивалға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Б.Т.Шакешов бастаған бір топ профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Өйткені біздің университетіміздің ұстаз-ғалымдары мемлекеттік тіл мүддесі үшін облыстық, республикалық рухани-танымдық шараларға қашан да белсене қатысады.

Фестивал барысында бірнеше адамдарға сый-құрмет көрсетілді. Біздің ұжым бойынша ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Білім және менеджмент институтының директоры Раманова Айгүл Абиболқызы Ғылым және Жоғары білім министрлігі тарапынан құрмет граммотасымен марапатталды.

Фестивал аясында «Алтын Көпір» халықаралық форумы оздырылды. Форум барысында РФ Оренбург, Саратов, Самара, Магнитогорск қалаларынан және Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген қандастарымыз сөз сөйлеп, ата жұртқа деген ыстық ықыластарын білдірді.

Бұл фестивалдың Қазақстандықтарды біріктіруші мемлекеттік тіл екенін көрсететін рухани шара ретінде маңызы зор.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz