2026 жылғы 3 қыркүйекте Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің өкілдері жоғары спорттық шеберлік танытып, жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен қатар университетіміздің 2026 жылғы түлегі Еркебұлан Нығметов самбо спортынан 79 келі салмақ дәрежесінде жоғары шеберлік пен қайсарлық танытып, жүлделі III орынға ие болды. «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Нұржан Еркінұлы аударыспақтан аса ауыр салмақта жоғары спорттық шеберлік танытып, қола жүлдеге ие болды. Бұл айтулы жетістіктер – спортшыларымыздың табанды еңбегі мен тынымсыз дайындығының жемісі ғана емес, университетіміз үшін де зор мақтаныш.
Жүлдегерлерімізді халықаралық додадағы жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Олардың жеңісі – қажырлы еңбек пен өр рухтың, биік мақсатқа деген берік сенімнің айқын көрінісі.
Спортшыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыс, мұқалмас жігер, зор денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз! Ел мерейін асқақтатып, көк Туымызды биік тұғырлардан желбірете беріңіздер!



