Мұнайшылар күніне орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институты, Мұнай-газ инженериясы кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді таңдаған «Мұнай-газ ісі» мамандығымен жақынырақ таныстыру, мұнай-газ саласының маңызын түсіндіру, кәсіби қызығушылықтарын арттыру және осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан мамандар мен ұстаздарға құрмет көрсету.

Шара барысында студенттер кафедраның оқу-зертханалық базасымен танысып, мұнай-газ саласында қолданылатын құрал-жабдықтар мен технологиялар туралы ақпарат алды.

Кездесудің ерекше бөлімінде 20 жылдан астам еңбек өтілі бар профессорлық-оқытушылық құрам өкілдеріне құрмет көрсетіліп, оларға сөз кезегі берілді. Тәжірибелі ұстаздар жас буынға кәсіби жол, мамандықтың жауапкершілігі мен мүмкіндіктері туралы ой-пікірлерін білдіріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Сонымен қатар студенттерге мұнай-газ мамандығы туралы бейнеролик көрсетіліп, еркін сұхбат ұйымдастырылды. Бірінші курс студенттері неліктен осы мамандықты таңдағандарын айтып, профессор-оқытушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Іс-шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, болашақ мамандардың таңдаған кәсібіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Мұнайшылар күні құтты болсын! Сала мамандарына толағай табыс, еңбектеріне береке, ал болашақ мұнайшыларға сапалы білім мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz