13 наурыз күні БҚИТУ СТИ Наурызнама тұжырымдамасы шеңберінде ветеринария және техносфералық кафедрасында Көрісу күні – Амал мерекесі қарсаңында студенттерге арналған мерекелік дастархан жайылды. Шара барысында студенттер мен оқытушылар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін білдірді.
Дастархан басында ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының бай салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы әңгімелер айтылды. Студенттерге Көрісу Айттың мәні мен маңызы түсіндіріліп, бұл мейрамның адамдар арасындағы сыйластық пен татулықты арттырудағы рөлі ерекше екені атап өтілді.
Мерекелік жиын барысында жастар өзара пікір алмасып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын білдірді. Осындай шаралар студенттердің рухани дүниесін байытып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге ықпал етеді. Кездесу жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушылар бір-біріне ақжарма тілектер айтып, мерекенің ерекше атмосферасын сезінді.

