2020 жылдың 25-30 қараша күндері аралығында 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің топ эдвайзерлері студент жастарға «Елдігім сенсің – Елбасым!» атты онлайн форматта сынып сағаттар, мерекелік кештер, дөнгелек үстелдер, деректі және көркем фильмдер көрсетілімін («Жұлдыздар тоғысқанда», «Елбасы жолы», «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Темір тау», «Тығырықтан жол тапқан») өткізді. Шараның негізгі мақсаты мемлекет басшысының елдің тұрақты дамуының негізгі факторы ретіндегі идеялары мен саясаты айналасында қоғамды біріктіру болып табылады. Сонымен қатар сынып сағаттары арқылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи рөлін айшықтау. Елбасының өнегелі өмірі негізінде жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі