2020 жылдың 27-қарашасы күні БҚИТУ Инженерлік-технологиялық факультетінің, Экология және биотехнологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ветеринария ғылымдарының магистрі Куспанов Мирлан Есетович «Эрудит» үйірмесінің 5В120100 – «Ветеринарлық медицина» және 5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандықтарының  1-4 курс студенттерімен «Ветеринарлық медицинаның көкейкесті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – бүгінгі болашақ мамандарымызбен бірлесе отырып  қазіргі  таңдағы ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасу   және  жануарлардың эпизоотияға қарсы күрес және жұқпалы ауруларының алдын алу мәселелерін кеңінен  насихаттау. 

Дөңгелек үстел барысында жануарлар ауруларын алдын алуда вакцинация мәселесі, мал шаруашылығында пробиотиктердің қолданудың тиімділігі, БҚО аумағында жануарлардың бруцеллезінің алдын алу және жою мәселелері, жануарларға берілетін азықтың санитарлық гигиеналық талаптары т.б. мәселелер талқыланды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz