2020 жылдың 2 желтоқсанында «Мұнай газ ісі және салалық технологиялар» кафдерасы (БҚИТУ) мен «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» (СМТУ) кафедрасымен бірлесіп, шетелдік университтерімен ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында онлайн режимде шығармашылық ынтымақтастықты жүзеге асыру шеңберінде «Ғылыми әлуетті интеграциялау, өндірістің мәселелерін шешу жолы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

БҚИТУ-дің х.ғ.д, профессоры, ғылыми жұмыс және халықаралық қатынасы бойынша проректоры Бурахта Вера Алексеевна конференцияны құттықтау сөзімен ашты.

БҚИТУ-дің конфренцияға қатысқандар: т.ғ.к.,профессор, инженерлік-технолгиялық факультетінің деканы Билашев Б.А., т.ғ.к., «Мұнай газ ісі және салалық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ихсанов Қ.А., х.ғ.к., доцент Бектурганова Г.К., аға оқытушылар: Калешева Г.Е., Бегайдарова К.Д.; техникалық ғылымдарының магистрлері: Беккалиев Н.М., Тауышев О. У., Мақсотова А.Б.

Самара мемлекеттік университетінен қатысқандар: Гордеева Т.Е. – т.ғ.к., СМТУ құрылыс технологиялық факультетінің деканы, «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» кафедрасы т.ғ.к., доцент Мизюряев С.А., «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» кафедрасының т.ғ.д., профессор, Чумаченко Н.Г., «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» кафедрасының т.ғ.к., доцент Сидоренко Ю.В.

Конференцияда мұнай-газ саласы, құрылыс, жерге орналастыру және кадастр саласындағы мәселелерді қамтыды.

Конференция достық шығармашылық атмосферада өтті және әріптестер арасында тәжірибе алмасу болды.

Конференция соңында шетелдік жоғарғы оқу орындарының ғалымдары қатысушыларды сертификаттармен және СМТУ басшылықтарына алғыс хаттармен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz