2026 жылдың 19-мамырында «Атамекен» концерт залында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының студенттік «Қобыз» үйірмесінің жетекшісі,  республикалық байқаулардың лауреаты Гаухар Жанғалиеваның «ETHNO QOBYZ SOUND» атты жеке шығармашылық кеші өтті. 

Шараға кеш қонақтары ретінде арнайы Алматы қаласынан ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері Құндыз Қаламбаева және халықаралық, республикалық байқаулардын жүлдегері, күйші Ақылбек Бектасов қатысты.

Шығармашылық кешіне білім ордасы атынан университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И.Абекешев қатысып, университет ұжымының құттықтауын жеткізіп, гүл шоғын табыс етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz