2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті базасында мектеп оқушылары мен жоғары инженерлік-технологиялық колледж студенттері арасында «Counter-Strike 2» киберспорт турнирі өтті. Турнир ұйымдастырушылары — цифрландыру және ақпараттық технологиялар басқармасы мен маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасы.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында киберспортты дамыту, заманауи цифрлық технологияларға қызығушылықты арттыру, сондай-ақ командалық жұмыс, стратегиялық ойлау және салауатты бәсекелестік ортасын қалыптастыру.
Екі күн бойы қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшыл командалық ойынды, тактикалық шеберлікті және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Турнир IT және киберспорт саласына қызығушылық танытатын белсенді әрі талантты мектеп оқушылары мен студенттердің басын қосты.
🏆 Турнир қорытындысы
📅 2026 жылғы 21 мамыр
I орын — №32 Жалпы орта білім беретін мектеп
II орын — №24 Жалпы орта білім беретін мектеп
III орын — №34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназия
«Үздік ойыншы» номинациясы — Айткалиев Алишер, №24 жалпы орта білім беретін мектебі.
📅 2026 жылғы 22 мамыр
I орын — №35 мектеп-лицей
II орын — № 16 Жалпы орта білім беретін мектеп
III орын — № 12 Жалпы орта білім беретін мектеп
«Үздік ойыншы» номинациясы — Никитин Илья, №35 мектеп-лицейі.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда, киберспортта және болашақ кәсіби жолдарында толағай табыс, жарқын жетістіктер мен жаңа жеңістер


