22 мамыр күні Құқық кафедрасында 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамының Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Іс-шара модераторы — Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Т.Х.Рахметов қонақтарды таныстырды: БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бастығының орынбасарлары — экономикалық тергеп-тексеру қызметінің полковнигі Ахметов А.Б. және подполковник Кенжебаев Ж.С., ЭТТД әкімшілік басқармасының басшысы Ерзаков Ж.К., әкімшілік басқармасының бас мамандары Муханбеткалиева А.М. мен Муратова Р.А., сондай-ақ 2,3,4 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесудің мақсаты — студенттерді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымына кіретін құқық қорғау органы — Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерінің негізгі міндеттерімен, функцияларымен және өкілеттіктерімен таныстыру болды.

Кездесуде сөз сөйлеген БҚО бойынша ЭТТД басшылары Ахметов А.Б. мен Кенжебаев Ж.С. студенттерге бөлімшенің құрылымы мен өңірдегі экономикалық қылмыстарды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты баяндады. Сонымен қатар, бюджет қаражатын жымқыру, алаяқтық, экономикалық контрабанда, криптовалютаның заңсыз айналымы фактілерін анықтау барысында заманауи талдау әдістерін қолдану, сондай-ақ цифрлық технологиялардың көмегімен келтірілген залалды өтеу бойынша нақты мысалдар келтірілді.

Қатысушыларға ведомство қызметкерлерінің практикалық қызметі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, бұл кездесу тақырыбын жан-жақты ашуға мүмкіндік берді. ЭТТД қызметкерлері Ерзаков Ж.К., Муханбеткалиева А.М. және Муратова Р.А. білім алушыларға ДЭР қызметіне қабылдау тәртібі, қызмет өткеру ерекшеліктері және осы ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік қамтамасыз етілуі туралы толық ақпарат берді.

Кездесу барысында ЭТТД қызметкерлері студенттер мен оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, кафедра түлектерін осы құқық қорғау органына қызметке шақырды.

Кездесу соңында модератор Т.Х. Рахметов ЭТТД қызметкерлеріне іс-шараға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, Құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері атынан қызметтеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында ЗКИТУ мен БҚО бойынша ЭТТД арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz