«Сәулет және құрылыс» кафедрасының т.ғ.к қауымдастырылған профессор м.а. К.А. Нариков және т.ғ.м аға оқытушысы А.Т. Таскалиевтің ұйымдастырылуымен Университетіміздің 25 жылдығына орай «Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерін анықтау» тақырыбына ғылыми шара жүргізілді. Шараға 6В07302 Құрылыс БББ-ның 3 курс білім алушылары белсенді қатысты. Іс-шараның басты мақсаты-білім алушыларды ғылыми бағытқа шыңдау. Кафедраның  зертханасында құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерін зерттеудің тәсілдерін үйретті. Құралдарды қолдана отырып құрылыс материалдардың физико-механикалық қасиеттері: беріктілік, жылуөткізгіштілік, орташа тығыздық және су сіңіргіштігін анықтады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz