2026 жылғы 5 қарашада БҚИТУ СТИ – нда 6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және 6В07201 – Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламаларының 1-3 курс білім алушыларына «Өрт қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәрістің негізгі мақсаты – білім алушыларға өрттің алдын алу жолдары, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі және төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы практикалық маңызы бар ақпарат беру.
Іс-шараға ҚР ТЖМ Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Хайруллин Асланбек Мұратұлы және ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының фельдшері Ергужиева Назгуль Кайратовна қатысты.
Дәріс барысында мамандар өрттің пайда болу себептері, оның алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өрт кезінде эвакуациялау тәртібі және алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар төтенше жағдай орын алған кездегі дұрыс іс-қимыл алгоритміне және адам өмірі мен денсаулығын қорғау шараларына ерекше назар аударылды.
Дәріс барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар мен практикалық кеңестер алды.

