2026 жылғы 4 қарашада Мұнай-газ инженериясы кафедрасының оқытушылары 6В07201/6В07204 – «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының білім алушыларымен бірге «Ural Petroleum» ЖШС-ның мұнай өңдейтін шағын зауытына өндірістік экскурсия жасады.

Экскурсияның мақсаты – білім алушылардың теориялық білімін нақты өндіріспен ұштастыру және оларды мұнай өңдеу саласындағы кәсіптермен таныстыру.

Зауыт мамандары студенттерге мұнайды алғашқы өңдеу процесін, технологиялық қондырғылардың жұмысын және өндірістегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Білім алушылар химиялық талдау зертханасымен және өндірістік алаңмен танысып, шикізаттың дайын мұнай өнімдеріне айналу жолын өз көздерімен көрді.

Экскурсия барысында студенттер мамандарға көптеген сұрақ қойып, болашақ мамандығы туралы пайдалы мәліметтер алды. Мұндай өндірістік экскурсиялар жастардың кәсіби бағдарын айқындауға, өндірістегі еңбек мәдениетін түсінуге және теория мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz