Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету мақсатында отандық және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен келісімдер жүргізуге айрықша көңіл бөледі. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасудың тиімді әдісі.
Осының негізінде 2024-2025 оқу жылының екінші жартысында «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Г.Ә.Нұртаза ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 6В04202 -«Құқықтану» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Прокурорлық қызмет» пәнінен дәріс оқыды.