Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету мақсатында отандық және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен келісімдер жүргізуге айрықша көңіл бөледі. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасудың тиімді әдісі.

Осылайша 2024-2025 оқу жылының екінші жартысында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы з.ғ.м. Есенгазиева А.К. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институты 6В04202-«Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушыларына «Корпоративное Право» пәнінен дәріс оқыды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz