30 қазанда Университет пен БҚО полиция департаменті арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында, құқық кафедрасының жұмыс жоспары бойынша Құқықтану білім беру бағдарламасы 6В04202 бойынша ЮР-32О тобының білім алушыларына Криминалистика пәні бойынша БҚО ПД ТБ бастығы полиция подполковнигі А.А.Салыковтың “Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында криминалистикалық сараптамаларды тағайындау. Қылмыстық процестегі тергеушінің рөлі” тақырыбындағы қонақ дәрісі өткізілді.
Лектор студенттерге сотқа дейінгі тергеп-тексеруде криминалистиканың рөлі мен қолданылуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалист-маманының көмегімен қылмыс іздерін, атап айтқанда қылмыскердің саусақтары іздерін, аяқ киімінің іздерін, сондай-ақ атыс және суық қаруды, бұзу құралдары мен көлік құралдарының іздерін табу, бекіту және алып қою жөніндегі тергеушінің жұмысы туралы, ҚР ҚПК-нің қылмыстық іс бойынша -дактилоскопиялық, трассологиялық, баллистикалық және басқа да сараптамаларды тағайындау. тергеу кезінде дәлелдемелер ретінде көрсетілген сараптамалар қорытындыларының маңыздылығы туралы айтып шықты.
Әлібек Асылбекұлы ауыр қылмыстарды тергеу кезінде тергеуші болып жұмыс істеген өз тәжірибесінен мысалдар келтірді, сондай-ақ біздің облыста тергеліп жатырған жекелеген қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда кісі өлтіру, кибер алаяқтық және есірткі қылмыстары бойынша мысалдар келтірді.
Тергеу басқармасының басшысы тергеушінің қылмыстық процестегі рөлі туралы білім алушыларға жеткізді, тергеуші тергеу жүргізеді және жиналған дәлелдемелер негізінде қылмыстық іс бойынша түпкілікті қорытынды жасайды. Оларға бүгінгі таңда тергеушілердің жұмыста қолданатын технологиялары, олардың еңбек жағдайлары және лайықты ақшалай қаражат туралы айтылды, біздің кафедра түлектерінің жас тергеушілерінің оң жұмысын мысалға келтірді.
Соңында Әлібек Асылбекұлы студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, оларға оқуда табыс тілеп, өндірістік практикадан өтуге және оқуды бітіргеннен кейін БҚО полиция департаментінің Тергеу басқармасына жұмысқа шақырды.

