2024 жылы 31-қазан күні Білім және менеджмент институтының «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасында және 6В02301 ББ бойынша білім алып жатқан АІ-411 және АІ-421топ студенттері Хэллоуин мерекесін ұйымдастырды.

Хэллоуин қазіргі Ирландия мен Англияда б.з.д. X ғасырдан бері өмір сүрген кельт халықтарының мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының студенттері үшін бұл мереке ағылшын тілін меңгеруде өздерінің практикалық дағдыларын көрсетуге және олар тілін үйреніп жатқан халықтың мәдениеті мен тарихымен танысуға тамаша мүмкіндік болып табылады.

Кафедраның 1-4 курс студенттері мереке тақырыбы бойынша киініп, жоғары курс студенттері ұйымдастырған квестке белсене қатысты. Шара соңында квестте жеңіске жеткен топ пен «Ең үздік костюм» номинациясында жеңіске жеткен білім алушыға сияпат беріліп, барлық қатысушыларға тәттілер үлестірілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz