Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 2024 жылдың 1 қарашасында  6В03201  – «Кітапхана ісі», 6В03207 – «Кітапханалық-педагогикалық қызмет» білім беру бағдарламалары (БББ) бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің арасында пәндік олимпиада өтті. 

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 6В03201 – Кітапхана ісі білім беру бағдарламасының “Ойшылар” командасы құрамындағы 2 курс студенттері Еркежан Оразғалиева, Айнұр Арыстанова, Ақманар Хамит, Айым Бақтиярова жүлделі 1-ші орынға ие болды.

Студенттер «Кітапханалық қызмет көрсету» және «Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйелер» пәндері бойынша терең білімдерін, сондай-ақ практикалық ситуативтік тапсырмаларды орындауда және ғылыми жобаны дайындауда жатық дағдыларын, жоғары дайындық деңгейлерін көрсетті. Команданы дайындағаны үшін аға оқытушы З.Б.Утешеваға алғыс хат табыс етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.