2024 жылдың 18-сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде “Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті” кафедрасының оқытушылары мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен “Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы” Конституциялық заңның қабылдануы туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік істерді қарау ерекшелігіне байланысты мәселелерді, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау процесінде ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл жасау, ортақ ұстанымдар мен проблемаларды, оларды шешу жолдарын анықтау мәселелерін талқылады. Баяндамашылар заң бұзған немесе мемлекеттің қамқорлығы мен көмегіне мұқтаж кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың үйлесімді жұмысы қажет екенін, ювеналды әділет жүйесін құру қоғамның тұрақтылығын нығайтуға, жастар ортасында болып жатқан процестерге белсенді әсер етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық жауаптар алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz