Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Сәулет» БББ мамандығының  АРХ-32 топ студенті Ханыкина Виоллета 2024 жылдың 18 наурызы мен 6 сәуірі аралығында Тамбов мемлекеттік техникалық университетінде «Сәулет» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтті. Үш аптадағы оқудың академиялық сағатының көлемі 269,9 сағатты құрады. Оқу барысында студент қала құрылысы, Қалалық жобалау негіздері, Қалалық жобалаудағы КТ, Композициялық модельдеу, Орта дизайндағы жобалау, Сәулет құрылымдары және құрылымдау теориясы сияқты пәндердің тақырыптарын меңгерді.

Виоллета Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен бірге AUTODESK REVIT бағдарламасын оқып, «Жеке тұрғын үй» шығармашылық жобасын аяқтады және Lumion 8.0 бағдарламасында оны 3D модельде визуализациялауды үйренді. Жалпы, оқу өте керемет болды. Виоллета жақсы білім мен шығармашылықты және жаңа білім алуға деген ұмтылысты көрсетті! Студентіміз оқумен қатар, университеттің қоғамдық өміріне де белсене араласып, сәулет факультетінің студенттерімен бірге «Студенттік көктем-2024» сән көрсетіліміне костюмдер жасады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz