2024 жылдың 1-наурызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Шет тілдері және аударма кафед кафедрасында “Встречи” әдеби клубының жұмысы аясында өлкетанушы жазушы А.П. Ялфимовпен “Әдеби Орал” тақырыбында шығармашылық кездесу өтті.

Әдеби кездесуге кафедраның ПОҚ және 6В01703 “Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті” және “Шет тілі: екі шет тілі” ББ студенттері қатысты.

Білім және менеджмент институтының директоры А.С. Тасмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, өткізілетін іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Әдеби кездесудің қонағы, прозашы қаламгер, публицист, фольклортанушы А.П. Ялфимов студенттермен Орал өңіріндегі орыс-қазақ әдеби байланыстарының бастаулары туралы қызықты әңгіме өткізіп, қатысушыларды өз шығармашылығымен таныстырды. Студенттер орыс ақындары мен жазушыларының шығармашылығы туралы көптеген қызықты фактілерді біліп, олардың біздің аймақтың өмірімен тікелей байланысты әдеби қызметімен танысты.

Кафедра оқытушылары ф.ғ.к. Н.Д. Осипьян кездесу барысында “Елтану сабақтарындағы әдеби өлкетану” тақырыбында, п.ғ.к. Н.А. Выдрина “Әдеби үйірмелер шеңберіндегі әдеби өлкетануды зерттеу” тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Д.Ж. Құсайынова кездесуді қорытындылап, іс-шараның барлық қатысушыларына алғысын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz