Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Достық» студенттік клубының ұйымдастыруымен университет құрылтайшысы, т.ғ.д., профессор Б. Ғ. Шинтемированың қолдауымен 1-наурыз алғыс айту күніне арналған шара өтті. «Алғыс айту – парызым!» атты дөңгелек үстелде ардагер-ұстаздарға құрмет көрсетілді. Кеш модераторы ф.ғ.д., профессор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы келген қонақтарды (Бисенов Сағындық Хамзаұлы – э.ғ.к., профессор, Ахметов Мереке Ғусманұлы – п.ғ.к., қауым. профессор., Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы – п.ғ.д., профессор.,
Кинжекова Рысканым Сәлімқызы – п.ғ.к., қауым. профессор., Джумакаева Баян Сабырқызы – х.ғ.к., қауым. профессор., Доукариева Ұлдай Қабаханқызы – ф.ғ.к., қауым. профессор., Джонисова Гульжиян Қабдолғалиқызы – п.ғ.к., қауым. профессор., Уракчинцева Галина Владимировна – б.ғ.к., қауым. профессор., Мельников Владимир Леонидович – б.ғ.к., доцент) университет студенттеріне таныстырды.
Тағылымды шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейнеқұттықтауымен ашылды. Университетіміздің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың м.а. Машанова Самал Амангелдіқызы ұлағатты ұстаздар қауымына барша білім алушылар атынан алғыс айтты. Ардагер ұстаздар еңбек жолындағы тәжирібелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.



